
Бірқатар қазақстандық банкттің топ-менеджері болған Жомарт Ертаев қазіргі уақытта қамауда отыр.
«Сот шешімінен кейін ол ұсталды және қазіргі уақытта қамауда», — деп жауап берді «Курсивке» Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы банкир Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысы Бас прокуратураның наразылығынан кейін күшін жойған.
3 қыркүйекте ҚАЖК жазасын өтеген Ертаевтың босатылғанын растады. Енді бұл шешім жойылып, бұрынғы банкир өз ісін сот келесі рет қарағанға дейін қамауда болады.
Жомарт Ерсаев бірқатар банктердің бұрынғы топ-менеджері, оның ішінде Bank RBK Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі болған.
2018 жылдың наурызында ол халықаралық іздеуге жарияланып, 2018 жылдың мамырында Интерполдың өтініші бойынша Мәскеуде ұсталды. 2019 жылдың наурызында Қазақстанға экстрадицияланды. 2020 жылдың қараша айында сот оны Bank RBK-дан 144 млрд теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танып, бұл іс бойынша 36 адам сотталды. Ертаев сол кезде кінәсін толық мойындады.