«Қайрат» – «Жетісу» матчының билеттері сатылымға шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Қайрат» – «Жетісу» матчының билеттері сатылымға шықты / фото: fckairat

5 қазан, жексенбі күні, сағат 16:00-де Алматының Орталық стадионында Премьер-лиганың 24-туры аясында «Қайрат» пен талдықорғандық «Жетісу» арасындағы маңызды кездесу өтеді.

Билеттерді Freedom Ticketon сайтында немесе Qairat SuperApp мобильді қосымшасынан алуға болады.

Еске сала кетейік, «Жетісу» командасының бас бапкері қазақ футболының аңыз ойыншысы Самат Смақов. Сондай-ақ соңғы уақытта «Қайрат» сапында жарқырап жүрген жас қақпашы Шерхан Қалмырза да жанкүйерлердің назарында. Жақында біз оның Смақовтың қызымен көңіл жарастырып жүргені туралы жазған едік.

«Қайрат» өз алаңында соңғы рет «Реал Мадрид» ұжымымен ойнап, 5-0 есебімін ұтылған еді. Алайда жеңіліске қарамастан бұл ойын қазақ футболының тарихына еніп, жанкүйердердің естерінде ұзаққа қалары сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыз