Жаңалықтар

Тоқаев Мажарстан президентін салтанатты түрде қарсы алды

Тоқаев Мажарстан президентін салтанатты түрде қарсы алды / фото: Ақорда

Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ресми сапармен Астанаға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Дәстүр бойынша Ақорданың салтанатты залында құрмет қарауылы сап түзеп, мәртебелі мейманды қарсы алды. Екі елдің көшбасшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Президенттік оркестр Қазақстан мен Венгрияның мемлекеттік гимндерін орындады.

Салтанатты рәсімнен соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок кілем жолымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүріп өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, Венгрия Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында екі мемлекет басшылары келіссөздер өткізеді.