Lifestyle

Бурак Өзчивит Ақтауға келді

Бурак Озчивитпен 200 ақтаулық қана кездесе алады / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Бурак Өзчивитпен 200 ақтаулық қана кездесе алады / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Түрік актері Бурак Өзчивит Ақтауға келіп, «Қорқыт ата» түркі халықтарының кинофестивалінің басты қонағы болды.

Lada.kz ақпаратына қарағанда, танымал түрік актері қызыл кілемге шығып, жанкүйерлерімен кездеседі.

Айта кететін жайт, Ақтауда түркі халықтарының халықаралық кинофестивалі басталды.

Фестиваль 1 қазанда ашылып, 4 қазанға дейін жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары актерді қызыл кілемнен көрді. Ұйымдастырушы Балжан Әмірғазиеваның айтуынша, салтанатты шара «Достық үйі» алдындағы алаңда өткен.

2 қазанда  Бурак Өзчивитпен кездесу жоспарланған. Онда жанкүйерлер актерге сұрақ қоя алады. Кездесуге қатысу үшін алдын ала аккредитациядан өту қажет. Тек алғашқы 200 адам ғана қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің ең жарқын оқиғаларының бірі – Өзчивиттің келгені. Бұл шара түркі елдерінің кинематографистері мен көрермендерін біріктіреді.

Бурак Өзчивит — Түркияның ең танымал актерлерінің бірі. Ол «Ғажайып ғасыр», «Қаракөз бұлбұл», «Мәңгілік махаббат» және «Османның қайта өрлеуі» сияқты сериалдардағы рөлдері арқылы әлемдік танымалдылыққа қол жеткізді.

Мұның алдында «жан-дүниесінде ібіліс отырғанын» айтып, нумеролог әйелдерді Бурак Өзчивитке қызықпауға шақырған еді.