Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінде виртуалды ЖИ-мүше пайда болды

Фото: коллаж Kursiv Media

«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінде виртуалды ЖИ-мүше пайда болды. Оны Digital Forum шарасында арнайы Тоқаевқа таныстырған.

Бүгін маған «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің ЖИ технологиясымен жұмыс істейтін виртуальді мүшесінің қызметін көрсетті. Бұл – ұлттық суперкомпьютер мен Қазақстандағы Alem LLM үлкен тілдік модель базасында іске асырылған Орталық Азиядағы алғашқы жоба. Ішкі үдерістердің бәрін оңтайландыруға септігін тигізетін мұндай шешімнің маңызы зор», – деді ол туралы президент.

Нейрожүйе «Самұрық-Қазына» қорының ішкі және сыртқы құжаттарды, сонымен қатар директорлар кеңесінің 2008 жылдан бергі шешімдерін және басқа да жинақталған материалдарды талдаумен айналысады. Әзірлеушілердің ойынша, бұл қадам әлдеқайда негізделген әрі дәйекті шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

«ЖИ негізіндегі нейрожүйені директорлар кеңесіне қосу – бұл кванттық серпіліс: технология мен адам бірлесе шешім қабылдай бастайды, ал цифрландыру тек процестермен шектелмей, басқару философиясының бір бөлігіне айналады», — деді «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов.

Айта кетейік, бүгін Астанада дәстүрлі Digital Bride форумы өтіп жатыр. Жиынның ашылуында сөйлеген Тоқаев «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы жұмысын бастайтынын да атап өтті.