
БАҚ өкілдері арасындағы дәстүрлі «ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Жобаны Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырады.
Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады. Байқауға 2024 жылдың 12 тамызы мен 2025 жылдың 30 қыркүйегі аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жарияланған, радиоэфирге шыққан материалдар қабылданады. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты;
- Жылдың үздік репортажы;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі;
- Жылдың үздік аналитикалық материалы;
- Радиостанциядағы үздік жоба;
- Жылдың үздік фотосуреті;
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы;
- Жылдың үздік өңірлік БАҚ;
- Жылдың үздік подкасты;
- Жылдың үздік YouTube-арнасы.
Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіні және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы – баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.