Андрей Аршавин шашын Көк базарда қысқартты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Андрей Аршавин
Фото: instagram.com/andrey.arshavin10, бильд-редактор: Адэлина Мамедова Ро

«Қайрат» клубының бұрынғы шабуылшысы Андрей Аршавин Көк базарда, көпшілікке таңсық сән салонында шашын қысқартты. Ол Алматыға жергілікті команданың «Реал Мадридке» қарсы ойынын көруге келген.

Әлеуметтік желілерде Аршавиннің көпшілік біле бермейтін салонға кіріп, шаш үлгісін жергілікті шеберге сеніп тапсырғаны туралы видео тарады. Желі қолданушылар футболшының қарапайым таңдауына таңдай қағысты.

Көпшілік енді бұл салонға келушілер көбейеді десті. «Қарапайым жігіт. Мақтанқұмар емес», «Шебердің жолы болды. Енді жұрттың бәрі осында ағылады», – деп жазып жатыр жұрт.

Биыл мамырда Аршавин сұхбаттардың бірінде туған қаласы Санкт-Петербургтен тыс жерде Алматыда ғана өмір сүруге ыңғайлы болғанын мойындаған.

«Мен үйде болғанды жақсы көрем. Мәскеудің өзінде қиналдым. Дегенмен Алматыда еш қиналмастан, еркін өмір сүрдім», — деген Аршавин.

Аршавин бұған дейін бірнеше жыл бойы Алматыда тұрған. Ол 2016 жылғы наурызда жергілікті «Қайратпен» келісім-шартқа отырған. Үш жылда футболшы 100-ден аса матч өткізіп, 30 гол соққан.

Сондай-ақ оқыңыз