Жаңалықтар

Әйгілі Costa кофеханалар желісін сатып алғысы келетіндер көп

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Bain Capital инвестициялық компаниясы Costa Coffee кофеханалар желісін сатып алуға өтініш берді. Бұған дейін Coca-Cola Co. оны 2,7 млрд долларға сатуға шығарған. Бұл туралы Kursiv.Media Financial Times мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, Bain Capital өкілдері қыркүйектің аяғында Ұлыбританиядағы ең ірі кофеханалар желісін сатып алуға өтініш тапсырған. FT дерегінше, қызығушылық танытқандар арасында Asda, TDR Capital инвесторлары да бар. Дереккөздер кофеханаларды Apollo да сатып алғысы келетінін айтты.

Лондонда 50 жылдан астам уақыт бұрын құрылған Costa қазір әлемдегі ең ірі екінші кофеханалар желісі. Оның алдында Starbucks қана тұр. Costa-ның Ұлыбритания мен Ирландияда 2,7 мыңнан астам филиалы бар. Бренд Coca-Cola-ға тиесілі.

Мәліметтерге қарағанда, қазір Costa бағаның көтерілуі мен COVID-19 індетінен кейін тұтынушылар санының азаюына әзер шыдап келеді. Оның үстіне, кейінгі жылдары кофе Coca-Cola бас директоры Джеймс Куинси биыл шілдеде кофеханалар желісі «өзін ақтамағанын» мойындаған.

Ұлыбритания есепке алу палатасының дерегінше, 2023 жылы Costa 1,3 млн фунт стерлингке шығынға батқан. Coca-Cola оны 2018 жылы 3,9 млрд фунтқа сатып алған.

Бұған дейін Kursiv.Media бір жарым жылда 60 кофехана жұмысын іске қосқан кәсіпкер кеңестерін жариялаған.