Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет ғарышкер қыздар экипажы құрылды

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Ғарышкер қыздар / фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында «SANA-1» бірегей зерттеу жобасы іске қосылды. Мұнда ел тарихында алғаш рет төрт ғарышкер қыздан тұратын экипаж құрылды. Бұл туралы Kursiv.Media Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Ғарышкер қыздар тобы

Қыздар ғарышқа ұшпаса да, орталықта соған мейлінше ұқсас жағдайда дайындалады. Мұндай тәжірибе Аэроғарыш комитеті, Eurasian Space Ventures және жетекші ғылыми ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен жүзеге асып жатыр.

Экипаж мүшелері:

  1. Юлия Бакирова – экипаж командирі, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығының» аға ғылыми қызметкері;
  2. Әсем Қуандық – орталық зертханасының ғылыми қызметкері;
  3. Дарья Комарова – орталықтың жетекші инженері;
  4. Линара Жәдігерова – «Ионосфера институты» инженері.

Олар он тәулік бойы жерүсті модуль-имитаторында жаттығады. Ғарыш кемесі модулін, қазақ ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетовтің бастамасымен, Eurasian Ventures Group компаниясы әзірлеген.

Миссия барысында экипаж ғарыш экспедициясына аттанып, түрлі зерттеулер жүргізеді. Ғылыми бағдарламаның жетекшісі – AI Lab басшысы Алина Гуторева.

Фото: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

«SANA-1» жобасы туралы

Маңызды жоба аясында болашақ ғарышкерді психологиялық, медициналық және инженерлік тұрғыда дайындайды.

Мақсат – ғарыш саласында зерттеу жүргізу ғана емес, жастар арасында STEM-бағытын дәріптеу, қыздарлы ғарыш ғылымына көтірек тарту.

«SANA» – бұл ғарыш қана емес, Қазақстан тарихының жаңа парағын жазатын адамдар туралы тәжірибе.