Жаңалықтар

Жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс – Тоқаев

Токаев заявил, что Казахстан движется правильным курсом

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні бейбіт мақсатта ғана қолданылу керектігін айтты.

Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында сөз сөйлеген мемлекет басшысы отыз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолын таңдап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқанын еске салды.

«Бүгінде еліміз жасанды интеллект бейбіт мақсатта ғана қолданылуға тиіс деп батыл түрде мәлімдейді. Оның әскери салада, кибершабуылдарға және халықаралық тұрақтылыққа қатер төндіретін жобаларда пайдаланылуына жол беруге болмайды,- деді Президент.

Тоқаез өз сөзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының таяуда өткен сессиясында Қазақстанның Ұйым аясында Жасанды интеллектіні басқару жөніндегі жаһандық диалог жұмысына атсалысуға дайын екенін жеткізген. Серіктестердің бастамаларын, соның ішінде Қытайдың ЖИ саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұсынысын қолдайтынын атап өтті.

Мен биыл халыққа Жолдауымды цифрландыру және жасанды интеллект мәселесіне арнадым. Біз алдымызға нақты мақсат қойдық: Қазақстан үш жыл ішінде нағыз цифрлық ел болуы керек. Бұл – өте ауқымды міндет. Сондықтан біз қазір еліміздің біртұтас цифрлық экожүйесін құру ісімен белсенді түрде айналысып жатырмыз»,- деді Мемлекет басшысы форум басында.

Айта кетейік Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр. Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр.

Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров, Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стербулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері бар.