Жаңалықтар

Қазақстандықтар Косовода ағза сатумен айналысқандардан зардап шеккен болуы мүмкін

Бірнеше елдің азаматтары зардап шеккені айтылған/фото: shutterstock

Қазақстандықтар Косовода (Қазақстан тәуелсіздігін мойындамайтын ел – ред.) адам ағзасын сатумен айналысқандардың әрекетінен зардап шеккен болуы мүмкін. Ресейдің «Коммерсантъ» редакциясының хабарлауынша, бұл іске қатысы күдікті Түркиядан Ресейге депортацияланды.

Ол адам ағзасын заңсыз саудалауды ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Алайда күдікті Косовода клиника клиенттеріне тек сақтандыру құжаттарын рәсімдеумен айналысқанын айтқан.

Ресей ІІМ мәліметінше, күдікті мен оның сыбайластары бірнеше ресейліктің сеніміне кіріп, оларды Косовоға шақырып, ақша төлейміз деп бүйрегін алдыруға көндірген. Операциядан кейін донор ауыр жарақат алған. Артынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.

«Ресейден бөлек, күдіктіні Косово, Израиль және Украина да сұратқан. Бұл елдер де оны заңсыз бизнеске қатысы бар деп санайды. (…) Олардың әрекетінен ондаған адам зардап шеккен, арасында Молдова, Қазақстан және Беларусь азаматтары да бар», – деп жазды «Коммерсантъ».

Бұған дейін Қазақстан Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша адам ағзасын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топ мүшесі Украина-Польша шекарасында ұсталды