Алматы циркінде екі труппа бірге өнер көрсетеді

Жарияланды 3 Қазан 2025 16:36

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Magic Circus Tango халықаралық цирк шоуы өтеді/фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Magic Circus Tango халықаралық цирк шоуы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Халықаралық қойылым 4 қазаннан 16 қарашаға дейін Қазақ мемлекеттік циркте өтеді.

«Қазақстанда алғаш рет бір сахнада екі аңызға айналған труппа өнер көрсетеді. Құрылғанына 145 жыл толған Мәскеудегі Юрий Никулин атындағы «Цветной бульвар» циркі және 55 жылдық шығармашылық мерейтойын атап өтіп отырған Қазақ мемлекеттік циркі бір сахнаға шығады», – делінген ақпаратта.

Көрермендерді Монте-Карло, Жирона, Сен-Поль-ле-Дакс, Мәскеу және Санкт-Петербургтегі айтулы фестивальдердің лауреаты болған әлемдік цирк өнері жұлдыздарының ерекше бағдарламасы күтеді.

Қойылымда цирктің үздік жанрлары тоғысады. Оның ішінде әуе гимнастикасы, эквилибристика, сиқырлы трансформация, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі сайқымазақтар мен акробаттардың өнері бар.

Билеті цирк кассасы және билет операторы сайтынан алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз