
Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барды. Өнерпаз 5 қазанда «Stranger» атты жеке концертін өткізеді.
«5 қазан Madison Square Garden сахнасында біз бүкіл әлемге Қазақстанды таныстырамыз. Бұл ерекше кеште Отанымыздың мемлекеттік әнұранын орындағым келеді», – деп жазды ол.
Тыңдармандары Димашты 1 қазанда Нью-Йорктегі Кеннеди халықаралық әуежайынан күтіп алды.