Алматыдағы тергеу изоляторында судья қайтыс болды

Жарияланды
Изоляторда күдіктімен жыныстық қатынасқа түскен полицей 10 жылға сотталды
Алматыдағы тергеу изоляторында судья қайтыс болды / Фото: Shutterstock

Алматыдағы тергеу изоляторында қамауға алынған ер адам қайтыс болды. Блогер Михаил Козачковтың жазуынша, қайтыс болған адам әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Сләмқұлов. 

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Kursiv.Media-ға тергеу үшін қамауға алынған адамның қайтыс болғанын растады. Алайда оның аты-жөнін жария етпеді.

«Тергеу изоляторында қамауда отырған ер адам кенеттен көз жұмды. Алдын ала өлім себебі – жіті жүректің соғуының жетіспеушілігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына тіркелген. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады комитет.

Айта кетейік, Казачков атаған судья 2024 жылдың қазан айында тергеуге ілінген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті судьяны алаяқтық және пара алу істері бойынша тексерген.

Сондай-ақ оқыңыз