
Алматыдағы тергеу изоляторында қамауға алынған ер адам қайтыс болды. Блогер Михаил Козачковтың жазуынша, қайтыс болған адам әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Дастан Сләмқұлов.
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Kursiv.Media-ға тергеу үшін қамауға алынған адамның қайтыс болғанын растады. Алайда оның аты-жөнін жария етпеді.
«Тергеу изоляторында қамауда отырған ер адам кенеттен көз жұмды. Алдын ала өлім себебі – жіті жүректің соғуының жетіспеушілігі. Өлім фактісі бейнебақылау камерасына тіркелген. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады комитет.
Айта кетейік, Казачков атаған судья 2024 жылдың қазан айында тергеуге ілінген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті судьяны алаяқтық және пара алу істері бойынша тексерген.