
АҚШ Сенаты жұма күні үшінші күнге созылған үкіметтік құлдырауды аяқтау үшін республикашылдар мен демократтардың жобаларына дауыс береді. Алайда сарапшылардың бағалауы бойынша, ұсыныстардың мақұлдануы неғайбыл, деп жазады Reuters.
Медициналық субсидияларға қатысты дау
Демократтар бюджеттік пакетке желтоқсан айының соңында аяқталатын медициналық сақтандыру субсидияларын кеңейтуді қоспақ. Республикашылар бұл мәселені бөлек талқылау керек деп сендіреді.
АҚШ президенті Дональд Трамп демократ сайлаушылар басым штаттарға бөлінген миллиардтаған долларды шектеу үшін федералды қызметкерлерді тағы да қысқартатынын айтуда. Жыл соңына қарай Ақ үйдің жоспары бойынша 300 мыңға жуық адам жұмысынан айырылады. Бюджеттік басқару агенттіктерден қызметі «әкімшіліктің басымдықтарына сәйкес келмейтін» қызметкерлерді жұмыстан шығару жоспарларын ұсынуды талап етті.
Шатдаунның салдары
Шатдаун — 1981 жылдан бері созылып келе жатқан ғылыми зерттеулерді және экономикалық статистиканы жариялау процессін, Қаржы нарығын реттеуді және басқа да көптеген функцияларды тоқтатты. 2 миллионға жуық федералды жұмысшы жалақысыз қалды. Сонымен бірге, әскери, әуежай қызметкерлері және басқа да «маңызды» қызметтер әзірге жұмысын жалғастыруда.
Егер дағдарыс ұзаққа созылса, әуе тасымалы, миллиондаған американдықтарға азық-түлік көмегі және федералды соттардың жұмысы зардап шегуі мүмкін. Жұмысшылар алғашқы жалақыны қазан айының ортасында алмай қалуы қаупі бар.
АҚШ тарихындағы ең ұзақ құлдырау 35 күнге созылды. Ол да Трамп президент болған 2018-2019 жылдары болған. Қазір конгресстің екі палатасын бақылайтын республикашыларға келіссөздерді бастау үшін кем дегенде жеті демократтың қолдауы керек.
Келісімге келу мүмкін бе
Сенаторлардың бір бөлігі келісімге келу туралы шешім қабылдауға тырысады. Бірақ демократтар республикашылардың уәдесіне сенбейді. Сондықтан алдымен қаржыландыруға рұқсат беріп, кейіннен медициналық субсидияны қарау туралы ұсынысқа қарсы. Себебі субсидияны 24 млн амекарилық қолданады.
Бұған дейін 1 қазанда АҚШ үкіметі уақытша тоқтап, шатдаун жариялағанын жазған едік.