Болашақ стипендиясына тапсырушыларға ескерту жасалды
Жарияланды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» Болашақ стипендиясына тапсырушыларға алаяқтық фактілеріне қатысты ескерту жария етті.
«Соңғы уақытта белгісіз тұлғалар Орталық қызметкерлері ретінде танысып, ақша аударуды талап ету немесе «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларына құжат тапсыру барысында ақылы «көмек» көрсетуді ұсыну жағдайлары тіркелуде», – делінген орталық хабарламасында.
Орталықтың ақпаратына сүйенсек, қызметкерлері әрдайым тегін қызмет көрсетеді. Және тек @bolashak.gov.kz домені бар корпоративтік электронды поштамен жазады.
Барлық ресми ақпарат келесі ресми ресурстарда жарияланады:
- сайт: bolashak.gov.kz
- Instagram: @bolashak.cip
- Telegram-арна: BOLASHAK NEWS
Айта кетейік, осыған дейін 2026 жылдан бастап Болашақ бағдарламасымен Халықаралық олимпиада жеңімпаздары оқуға тапсыра алады.