
2025 жылдың қыркүйек айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік қарқыны тұрақты. Әсіресе сауда, өндіріс және қызмет көрсету салаларында өсім байқалады. Бұл туралы Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірді.
«2025 жылдың қыркүйек айында іскерлік белсенділік 50,9 (тамызда 51,0) болып, өзгеріссіз қалды. Индикатор 2024 жылғы наурыздан бастап оң аймақта тұр», – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сүйенсек, өндірісте, қызмет көрсету секторында және саудада белсенділік сақталды, онда индекс тиісінше 53,0, 51,0 және 50,8 болып, өсіп келеді. Ал құрылыс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіштер теріс көрсеткіште 49,5 және 49,3 деңгейінде.

Айта кетейік, көрсеткіш мәні 50-ден жоғары болса – оң өзгерісті, төмен болса – кері өзгеріс дегенді білдіреді. Индекс мәні 50-ден қаншалықты алшақ (жоғары немесе төмен) болса, көрсеткіштің өсу қарқыны (артуы немесе кемуі) соғұрлым жоғары болады.
Ұлттық банктің хабарлауынша, кейбір көрсеткіштер негізгі мәннен төмен болғанына қарамастан, жалпы қыркүйектегі бизнес ахуал оң баға берілген. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өніміне сұраныс өсті, алайда өсу қарқыны баяу.