Жаңалықтар

Өскеменде есірткіге мас күйінде көлік жүргізген прокурор жұмыстан шығарылды

Бас прокуратура 8 облыстың прокурорын ауыстырды
Өскеменде есірткіге мас күйінде көлік жүргізген прокурор жұмыстан шығарылды / Фото: Shuttertsock

Өскеменде есірткі мен алкогольге мас күйінде көлік жүргізген прокурор В.Б. Пан жұмыстан қуылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Әлеуметтік желілерде прокурор Панның 26-27 қыркүйекке қараған түні Hyundai Accent көлігін басқарған кезде Өскемендегі Жеңіс даңғылындағы шам бағанасын соққаны туралы ақпарат тараған. Ол бағанаға соғылғаннан кейін аулада жасырынғысы келген. Бірақ оны патрульдік полиция қызметкерлері ұстап алып, медициналық тексеруге жеткізеді.

Прокурордың қанынан алкоголь табылып, ал зәрді жедел талдау экспертизасы марихуананы қолданғанын анықтаған.

«Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің прокуроры В.Б. Пан «құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес «1-сыныпты заңгер» сыныптық шенінен айыра отырып, прокуратура органдарынан босатылғанын хабарлайды», -делінген прокуратура хабарламасында.

Өскемендегі әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты прокурордың ісін қарап, оны 20 тәулікке қамап, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырды.