5 қазан – Мұғалімдер күні: ұстаздарға қандай сыйлық жасауға болады

5 қазан – Қазақстанда Мұғалімдер күні ретінде аталып өтеді. Жыл сайын бұл мереке қарсаңында ата-ана мен оқушылар арасында «мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?» деген сұрақ жиі көтеріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, егер сыйлық ретінде берілген гүлдің құны 5 айлық есептік көрсеткіштен (19 660 теңге) асып кетсе, бұл қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
«Егер сыйлыққа берілген гүлдің құны 5 АЕК-тен асып, мұғалім сый берушінің пайдасына қарай әрекет етсе, онда мұндай сыйлық Қылмыстық кодекстің 247-бабы («Заңсыз сыйақы алу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке соқтырады», – делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Ұстаздар күні жыл сайын 5 қазанда атап өтіледі. Бұған дейін мереке қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келген.