Lifestyle

Ninety One тобының әншісі Alem ипотекамен үй алатынын айтты

«91» тобын Сәтпаев қаласынан қуып шыққан / Фото: Айқап подкаст

Ninety One тобының мүшесі, Alem лақап атымен танымал Батыр Мәліков әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті. Әнші ипотека арқылы үй алатынын мәлімдеді.

Alem телеграм-арнасында: «Ипотеканы мақұлдады. Тіпәй, тіпәй деп отыра берейік. Енді пәтер алғанда айтам » – деп жазып, қуанышын жасырмады.

Бұған дейін желіде Alem-нің пәтер алу мүмкіндігі болғанымен, қаржылық тұрғыда сауатсыз болғанын мойындаған видеолары кеңінен тараған еді. Сол себепті бұл жаңалықты жанкүйерлер қауынышпен қабылдап, пікір қалдыруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ninety one тобы ұзақ үзілістен кейін сахынаға қайта оралған еді.