Өзбекстан мен Әзербайжанда футболдан әлем чемпионаты өтеді
Жарияланды

ФИФА-ның шешімі бойынша, 2027 жылы футболдан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (U-20) Өзбекстан мен Әзербайжанда өтеді.
Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығы хабарлады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, соңғы жылдары ел бірнеше ірі халықаралық турнирлерді жоғары деңгейде өткізіп, мол тәжірибе жинақтаған. Соның ішінде 2024 жылы Ташкентте өткен ФИФА футзалынан әлем чемпионаты ерекше жоғары бағаланған.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты ФИФА қамқорлығымен өтетін ең маңызды турнирлердің бірі. Ташкент пен Баку биыл жазда чемпионатты қабылдау үшін бірлескен өтінішін жолдаған.
Еске сала кетейік, биыл 2025 жылы Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.