Lifestyle

«Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы Жарылқап Қалыбай әншілерге ренішін айтты

Жарылқап Қалыбай әншілерге ренішін айтты / фото: скрин

«Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы Жарылқап Қалыбай журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында шығармашылық ортадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтты.

Оның сөзінше, қазір бірде-бір әншімен немесе шоу-бизнес өкілімен араласпайды. Бұған себеп жұлдыздармен арадағы түсініспеушіліктер.

«Мені әнші-жұлдыздардың алдында жаман атты қылып қойды. Кейінгі жылдары қоғамда әншілер туралы сын да көбейген еді. Ел ішінде қиын жағдай болып жатқанда, олар үнсіз қалады деген сияқты әңгімелер көбейді. Сондай әңгіменің бәрін мен бастады, сондай пікірде мен қалыптастырды, деп маған айып тағылды», -деп ренішін білдірді журналист.

Редактордың айтуынша, қиын кезеңде ешбір жұлдыз көмек қолын созбаған.

YouTube video player