Ағылшын тілін рэп арқылы үйрететін мұғалім

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Өмірбек Жанқуатов шетел сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттатады / фото: gov.kz
Өмірбек Жанқуатов шетел сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттатады / фото: gov.kz

Цифрландыру дәуірінде және ақпарат заманында мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тың әдістер қажет.

Алматы облысының әкімдігінің ақпаратынша, осындай жаңашыл ұстаздар аз емес. Соның бірі – әлеуметтік желілерде «Мистер Омирбек» атымен танымал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Өмірбек Жанқуатов.

Ол TikTok желісіндегі бейнероликтері арқылы кеңінен танымал болып отыр. Жас педагог бейнематериалдарда мектеп оқушыларына ағылшын тілін музыкалық композициялар арқылы үйретеді.

Өмірбек Жанқуатов 34 жаста. Алматы облысы Байсерке ауылындағы №28 мектепгимназияда жұмыс істеген. Қазіргі кезде Іле ауданы Қосөзен ауылындағы мектепте сабақ береді. Оның оқыту тәсілі шығармашылыққа негізделген.

«Сабақ барысында шәкірттері ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін рэп ырғақтарына қосып жаттайды. Мұндай әдіс білім алу процесін қызықты әрі жеңіл етеді», – делінген хабарламада.

Өмірбек Жанқуатовтың ұстаздық жолындағы жетістіктері жоғары бағаланып отыр. Ол «Қазақстанның үздік мұғалімі» байқауында топ жарды. Облыстық кезеңде жеңімпаз атанды. Жақын арада ұстаз жаңа авторлық бағдарламасын ұсынбақ.

Мұның алдында білім беру жүйесіне ЖИ енгізу үрдісі қалай жүзеге асырылатыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз