Қазақстан ОПЕК+ алдында уәдесін тағы да растады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан ОПЕК+ аясында қабылдаған міндеттемелеріне адал екеніне кезекті рет мәлімдеді. Оны премьер-министр Олжас Бектенов жариялады.

«Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы өз міндеттемелеріне адал болып қала береді және әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға үлес қосу үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр», – деді Бектенов жұма күні өткен XVI Kazenergy энергетикалық форумының пленарлық отырысында.

2 қазанда ғана ОПЕК+ Қазақстан мұнай көлемін қысқарту керек екенін тағы да бір рет еске салған. Ұйым жіберген кестеге сәйкес Астана мұнай өндірісін 2,917 млн баррельге дейін қысқартуы керек. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2,63 млн баррель болған.

Айта кетейік, Қазақстанға түсетін өтемақы жүктемесі ОПЕК+ елдері арасында ең жоғары болып отыр. Сарапшылар сөзінше, бұл жағдай Қазақстанның мұнай өндіру жоспарына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан бұған дейін де бірнеше ОПЕк+ алдындағы міндеттемелеріне адал екенін мәлімеді, бірақ әзірге мұнай өндірісін қысқартуға бара қойған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз