
Ресейдің «Герофарм» компаниясы азуға арналған «Оземпиктің» баламасын Қазақстан нарығына шығарады. Фармкомпания «Семавик» препаратының Қазақстанда тіркелгенін жариялады. Бұл туралы Kursiv.Media «Коммерсантъ» мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Басылым мәліметінше, азуға арналған препарат Қарағандыдағы зауытта шығарылады. Бұған дейін Қазақстан нарығына семаглутид негізінде дайындалатын препараттардың түпнұсқалары ғана сатылатын. Оларды Novo Nordisk дат компаниясы өндіреді.
«Оземпик», «Семавик» және семаглутидтен жасалатын басқа да препараттар диабеттің екінші түріне шалдыққан науқастарды емдеуге арналған. Бірақ оны артық салмақпен күресу үшін де пайдаланып жүр.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы қант диабетімен ауыратын адамдар саны 7,6%-ға өскен, ал егде жастағы азаматтардың жартысынан астамының салмағы мөлшерден көп.
Қазақстан — «Семавик» сатылатын алғашқы шетелдік нарық. 2024 жылы Ресей нарығының 90%-ын «Герофармның» «Семавигі» мен «Промомедтің» «Квинстенті» басып алды.
2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында федерацияда семаглутид негізінде дайындалған 3 млн қорап препарат сатылған. Тұтынушылар оған 16,8 млрд рубль жұмсаған, деп жазды «Ъ». Бұл былтырғыдан да жоғары көрсеткіш. 2024 жылы азаматтар осы дәріге 10,7 млрд рубль шығындаған.