Трамп баж салығынан түскен 1 трлн доллар табысты халыққа үлестіреді

Құрама Штаттар биыл енгізілген баж салығын енді ғана ала бастады, бірақ табыс бір жылдың ішінде 1 трлн доллардан асып жығылуы мүмкін. АҚШ президенті Дональд Трамп One America News телеарнасына сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Ақ үй қожайыны түскен қаражатты мемлекет қарызын жабуға жұмсауды көздеп отыр. Бұған қоса, ол америкалықтарға төлеп отыруы мүмкін екенін де айтып қалды.
«Біз қаражатты адамдарға бөліп бере бастауымыз мүмкін. Ол 1000-2000 доллар болуы мүмкін», – дейді Трамп.
Бұған дейін АҚШ қаржы министрлігі федералдық үкіметтің мемлекеттік берешегі 37,86 трлн доллар екенін хабарлаған.
Тамыздың аяғында қаржы министрі Скотт Бессент кеден салығынан түскен табыс 500 млрд доллардан асуы мүмкін деген.
Трамп әкімшілігі биыл көктемде бүкіл импорт тауарға 10% баж салығын салып, одан соң жекелеген елдерге 20-50% аралығындағы жоғары тарифтерді енгізді. Қазақстан тауарына белгіленген тариф – 25%.