Заңсыз майнинг фермалар Астанада көп

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Майнинг
Фото: shutterstock

2024 жылы цифрлы активтерді заңсыз өндіріп, жалпы 1,3 млрд теңгеге залал келтіргендер үстінен 17 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзған майнинг фермалардың көбі Астана қаласында екені мәлім болды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды.

Мекеменің мәліметінше, қылмыстық істер аясында 642 мың доллар көлемінде цифрлы активтер тәркіленді.

«Заңсыз майнинг фермалардың көбі Астана қаласында (6), Шымкент пен Қостанайда (3) орналасқан», – деп таратты агенттік.

Бұған қоса, бес ферма электр қуатын ұрлағаны анықталып отыр.

«Олар тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең. Сонымен бірге фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелген».

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, кейінгі үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Агенттік Қазақстанда майнингпен айналысу үшін лицензия алу керектігін ескертті. Заңды қызмет атқару үшін жабдықтың талапқа сәйкестігі, қуатпен қамтамасыз ету шарты және салық міндеттемелерінің орындалуы талап етіледі.

Сондай-ақ оқыңыз