Арсен Томский Қазақстанда 15 минутта тамақ жеткізу қызметін іске қосты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
15 минутта дәмді әрі жаңа өнімдер жеткізіледі / Фото: kursiv.media архиві

inDrive негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский Қазақстанда 15 минут ішінде жеткізу қызметін іске қосқанын хабарлады.

«Қазір біз фудтех саласына қадам басып жатырмыз. Бұл бағытта дарксторлардан бастадық, себебі бұл сала енді дамып келеді. Көптеген ірі елдерде адамдардың дарксторларға қол жеткізу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз сатып алу бағытын таңдап, бұл дамуды жеделдетуге шешім қабылдадық. Қазірдің өзінде бірнеше сатып алу жүзеге асты, олардың бірі — Қазақстандағы «Рядом» компаниясы, біз онда бақылау пакетін сатып алдық. Бәрі жақсы жүріп жатыр, қосымшамызды орнатып, тест жасап көрсеңіз, 15 минутта дәмді әрі жаңа өнімдер жеткізіледі», — деді ол Digital Bridge барысында.

Айта кетейік даркстор — бұл сатып алушылар мен сауда залы жоқ, онлайн тапсырыстарды жинауға және тез жеткізуге арналған арнайы қойма немесе шағын қойма.

Пилоттық жоба аясында 15 минутта жеткізу қызметі Астана мен Алматыда іске асырылды. Томскийдің айтуынша, соңғы 30 күнде кем дегенде бір рет сервиске жүгінген бірегей қолданушылардың саны (MAU) 48 елде 60 миллион адамға жеткен. Ол Қазақстанның бұл қызмет үшін ең ірі хаб болып отырғанын да атап өтті.

Арсен Томский: inDrive – қазір іс жүзінде қазақстандық компания

Томский өзінің Қазақстанмен тығыз байланысы туралы да сөз қоғады. Ол компанияның елімізде белсенді дамып жатқанын мәлімдеді.

«Компаниямызда шамамен мыңға жуық маман жұмыс істейді және олар бүкіл әлемге арналған шешімдерді әзірлеуде. Негізі, біз іс жүзінде қазақстандық өнімге айналдық. Ал мен негізгі иесі ретінде өзімді қазақстандық сезінемін. Сондықтан қазір бұл іс жүзінде қазақстандық компания десе болады», — деді ол.

Арсен Томский 850 млн доллар байлығымен Forbes журналының Қазақстанның ең бай адамдары тізімінде 11-ші орында тұр.

Еске салсақ осыған дейін Арсен Томский Қазақстанда цифрлық жобаларға инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз