Қазақтар ет бермеді – Павел Дуров

Digital Bridge 2025 халықаралық форумына келген Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келгелі әлі ет жемегенін айтты.
Ең ірі стартап-бәйгелердің бірі Astana Hub Battle технологиялық стартаптар конкурсының финалында Павел Дуров та бой көрсетті. Ол финалдық кезеңде қазылар алқасының төрағасы.
Финалдың жүргізушісі, танымал комик әрі шоумен Нұрлан Сабуров оған сөз бермес бұрын «Сізді Астанада бешбармақ беріп күтті ме?» деп қалжыңдады.
Павел Дуров бұл сұрақты күтпесе керек, сәл тосылып қысқа ғана «жоқ« деп жауап қайырды.
Сондай-ақ ол үміткерлерге сәттілік тілеп, қызықты жобалар болады деп үміттенді.
Айта кетейік Астанада Халықаралық технологиялық форум Digital Bridge 2025 аясында өңірдегі ең ірі стартап-бәйгелердің бірі – Astana Hub Battle технологиялық стартаптар конкурсының финалы өтіп жатыр.
Байқаудың жүлде қоры — $100 000. Төрт жеңімпаз-команда әрқайсысы $25 000 алады.