
Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп саларда қандай ниетте жүргенін ашық айтып берді.
Танымал продюссер сұхбатының үзіндісін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жария етті.
«Мен ғашық болып қалдым. Енді қазір өмір сүріп жатқандай өмір сүре алмайтынымды түсіндім. Мұның құны маған қаншалықты қымбатқа түссе де… Мен бұл адамсыз (Тұрсынғали Алагөзовсіз – ред) өмір сүре алмайтынымды білдім. Бар болғаны осы», – деді Баян Алагөзова.
Оның айтуынша, продюссер жаңа ғашығы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге Грузияға демалуға барып келген.
«Мен бұл командировканы кету үшін ойлап таптым. Мен ол жақтан бұрынғы Баян болып оралмайтынымды анық түсіндім. «Қанша құн төлесем де, мен оған (Бақытбек Есентаевқа – ред.) қайтып оралмаймын» дедім. Бұл жазмыштың сәйкестігі болды», – деді Баян Алагөзова.
Сұхбат алушы журналист продюссердің сөзін үзіп:
«Бірдеңе сұрасаң, ғалам сұрағаныңды тез береді. Құнын да», – деп қоштады.
Содан кейін Баян Есентаева Грузияға барып келген соң, үйіне қайтқан. Сөзіне қарағанда, ондағы мақсаты «бәріне шындықты айтпақ» болған.
Мұның алдында Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтің әлі есеңгіреп жүргенін айтқан еді.