
Елдегі алма бақтарының жалпы аумағы шамамен 29 мың гектарға жетті. 2027 жылға қарай апорт көшеті тағы 110 гектар жерге отырғызылады. Бұл туралы елордада өткен Алма фестивалінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты.
Оның сөзінше, 2014 жылдан бері шаруаларға бау-бақшаны кеңейту мен жаңа технологияларды енгізуге субсидия беріліп келеді.
«Алманың жалпы өнімі 43%-ға, ал өнімділік 27%-ға артты», – деді вице-министр.
Қазір назар апорт сұрпына аударылған. Жаңа бақтар салынып жатыр. 2027 жылға дейін апорт көшеті 110 гектар жерге отырғызылады.
Айта кетейік, алма өсірілетін аймақтар қатарында Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары көш бастап тұр.
Алматы мен Жетісу облысының өзінде алма бақтарының жалпы аумағы 2,4 мың гектардан асады, онда 416 мыңнан астам алма ағашы бар.