Бас прокуратура 110 млн теңгеге бəс тіккен футболшыларды анықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақтөбеде футболшылар 110 млн теңгеге бəс тіккен/фото: shutterstock

Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясы жəне футбол клубтарына тексеріс жүргізіп, бірқатар бұзушылықты анықтады. Оның ішінде келісілген матчтар мен букмекерлік кеңселердегі бəс тігу фактілері де бар. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың мәжіліс депутаты Абзал Құспанның депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.

«Еңбек шарттарымен тыйым салынғанына қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар букмекерлік ставкаларға қатысуы жалғасып келген. Мəселен, Ақтөбе қаласында 9 футболшы жалпы сомасы 110 млн теңгеге бəс тіккен. Осыған байланысты, 2025 жылғы 2 сəуірде Федерацияға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді», – делінген ақпаратта.

Нəтижесінде федерация тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою жəне қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Жол картасы» əзірленген.

Жол картасында аудит, қаржы жəне əдеп жөніндегі комитеттерді құру, сондай-ақ қаржылық тəртіпті күшейтуге бағытталған 33 іс-шараны іске асыру көзделген.

Сонымен қатар, федерацияның мəліметіне сəйкес тексеру қорытындысы бойынша бірқатар кадрлық шешімдер қабылданды. 20 мамырдағы жағдай бойынша федерация əкімшілігінің басшысы, басқарушы директоры, заң, операциялық жəне маркетинг департаменттері директорлары, қауіпсіздік жəне интегрити қызметінің басшысымен еңбек шарттары бұзылды.

Сондай-ақ федерацияның бірқатар басшы қызметкері лауазымынан төмендетілді.

Сондай-ақ оқыңыз