
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 5-6 қазанда кей өңірге тұман түседі, енді бір өңірде өрт шығу қаупі жоғары болады.
Мәселен, 5 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Ақтөбе қаласында 4-6 қазанда өрт шығу қаупі бар.
5 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Шымкент қаласында 5 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 5 қазанда кей уақытта шаңды дауыл соғады. Төтенше өрт қаупі бар.
5 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік жүреді.
Талдықорған қаласында 5 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі бар.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.