Тбилисидегі наразылықты ұйымдастырушылар қамауға алынды

Грузия астанасы Тбилисидегі президент сарайы маңында 4 қазанда жаппай наразылық акциялары өтті. Дәл сол күні ел бойынша муниципалды сайлау өткен. Дауыстарды санаудан кейін елдің орталық сайлау комиссиясы «Грузинская мечта» партиясының ең көп дауыс жинағанын хабарлады.
Артынша көпшілік қаладағы Еркіндік алаңына және оған іргелес жатқан Руставели даңғылына жинала бастаған. Кешке қарай жиналғандардың саны ондаған мың адамға жетті.
Содан кейін жиналғандарды президент сарайын басып алуға шақырған. Бұл полиция мен жиналғандар арасындағы қақтығысқа әкелді.

DW хабарлауынша, президент сарайына жиналғандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданған.
Ал елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидзе болып жатқан жағдайды «мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс» деп атап, барлық қатысушы жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге талпыныс баптары бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғады.
Reuters хабарлауынша, акцияны ұйымдастырды деген күдікпен 4 қазанда бес адам ұсталды.