Футбол клубы «Қайрат» – «Жетісу» матчы көрермендеріне кеңес берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат – Жетісу матчы орталық стадионда өтеді/фото: kursiv.media

«Қайрат» – «Жетісу» матчына барлық билет сатылып кетті. Бұл туралы футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында айтылды.

Премьер-лиганың 24-туры аясындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда сағат 16:00-де басталады.

Стадион аумағы ойын басталуына үш сағат қалғанда, яғни 13:00-де ашылды.

«Қайрат» футбол клубы кезекте тұрмай, бақылаудан еркін өту үшін көрермендерді стадионға ертерек келуге шақырды.

Стадионға Абай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері тарабынан кіруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз