Қазақстандық теннисші Кореядағы турнир жеңімпазы атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды/фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors жарысында қазақстандық теннисші финалда жергілікті спортшы Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, турнирді бірде-бір сет жоғалтпай аяқтады. Бұл Заңғардың ITF Juniors турындағы жеке сындағы алтыншы титулы.

Келесі аптада теннисші Вонджуда өтетін J300 турнирінде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз