
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ мәдениетін насихаттап жүрген бір топ адаммен кездесті. Кездесу Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығында өткен.
Сыртқы істер министрлігің хабарлауынша, өнерпазбен кездесуге келгендер арасында АҚШ-та қазақ мәдениеті мен музыкасын белсенді насихаттап жүрген ұйым өкілдері де бар.
«Іс-шарада Қазақстанның музыкалық және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға бағытталған жобалар, америкалық мәдени институттармен ынтымақтастықты дамыту жоспарлары талқыланды», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» сахнасында өнер көрсетті.