Lifestyle

Димаш АҚШ-та қазақ мәдениетін насихаттап жүрген бір топ адаммен кездесті

Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ мәдениетін насихаттап жүрген бір топ адаммен кездесті/фото: СІМ

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йоркте қазақ мәдениетін насихаттап жүрген бір топ адаммен кездесті. Кездесу Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығында өткен.

Сыртқы істер министрлігің хабарлауынша, өнерпазбен кездесуге келгендер арасында АҚШ-та қазақ мәдениеті мен музыкасын белсенді насихаттап жүрген ұйым өкілдері де бар.

«Іс-шарада Қазақстанның музыкалық және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға бағытталған жобалар, америкалық мәдени институттармен ынтымақтастықты дамыту жоспарлары талқыланды», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» сахнасында өнер көрсетті.

DIMASH Arrival in New York 2025 | Stranger Concert