AIX биржасында қандай компаниялардың акциялары қымбаттады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қыркүйек айында Astana International Exchange (AIX) биржасындағы сауда көлемі шамамен 145,9 млн АҚШ долларын (78,9 млрд теңге) құрады.

AIX биржасында акция құны ең көп өскен компания – алтын өндіруші Solidcore болды. Оның акциялары отыз төрт пайызға қымбаттады

Екінші орында «Қазатомөнеркәсіп» келеді. Уран өндіруші компанияның бағалы қағаздары 14,6 пайыз өсім байқатқан.

Үшінші орынға «ҚазМұнайГаз» ұлттык компаниясы шықты. Оның акциялары бір айдан 11 пайыз қымбаттады.

Ал тамыз айында көш басында Банк ЦентрКредит болған. Бір айда банк акциялары 38 пайыз қымбаттаған еді. Бірақ қыркүйекте БЦК, Kcell, Halyk Bank, «Қазақтелеком», Kaspi мен Central Asia Metals акциларын арзандаған.

Қазіргі кезде Astana International Exchange биржасында 57 компания тіркелген. Ал жалпы орналастырылған акциялар саны 334-ке жетті. Тек өткен айда тізімге 25 бағалы қағаз жаңадан қосылды.

AIX – 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан алаң. Оның акционерлері қатарында Astana International Financial Centre Authority (AIFCA), Қытай-Қазақстан өндірістік қуат қоры, NASDAQ және Шанхай қор биржасы бар. 2021 жылы биржа индикаторы ретінде AIX Qazaq Index (AIXQI) енгізілген болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз