Қазақстан алтын сатып алуда тағы да көш бастады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тамыз айында әлемдік орталық банктердің алтын қоры 15 тоннаға артты. Бұл дерек Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council, WGC) есебінде келтірілген.

Есепке сәйкес, ең ірі сатып алушы Қазақстан болды: Ұлттық банк өз қорына 8 тонна алтын қосты. Бұдан бөлек, Болгария мен Түркияның қорлары 2 тоннадан ұлғайса, Қытай, Өзбекстан және Чехия да шамамен осындай көлемде алтын сатып алған.

Шілдеде сатып алу уақытша тоқтағаннан кейін тамызда орталық банктер қайтадан белсенділік танытты. Бұл көрсеткіш наурыз-маусым айларындағы ай сайынғы таза сатып алулар деңгейіне сәйкес келеді.

Ал Ресей мен Индонезияда керісінше алтын қоры азайды: Ресейдің резерві 3 тоннаға, ал Индонезиянікі 2 тоннаға төмендеді.

WGC есебінде: «Тамызда орталық банктер әлемдік алтын қорына 15 тонна қосты. Бұл наурыз-маусым айларындағы айлық орташа сатып алу көлеміне сәйкес келеді», – деп атап өтілген.

Өткен аптада алтын бағасы тағы көтеріліп, бұрын болмаған көрсеткішке жетті. Құнды металл бағасы алғаш рет 3,8 мың долларды бағындырды.

Сондай-ақ оқыңыз