Ұлттық қор: 9 айда 5,3 трлн теңге түсіп, 4,2 трлн теңге жұмсалған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың 9 айында Ұлттық қорға 5,3 трлн теңге түсіп, 4,2 трлн теңге пайдаланылған. Қазіргі кезде Қазақстанның қауіпсіздік жастығында 35,8 трлн теңге жинақталған.

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, жыл басында қорда 34,7 трлн теңге болған. Осы тоғыз айда Ұлттық қор 1,1 трлн теңгеге ғана өскен.

Ұлттық қорға түскен 5,3 трлн теңгенің 2,8 трлн теңгесі – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салықтар. 2025 жылдың алты айында 2,5 трлн теңге инвестициялық табыс түскен.

Қордан алынған 4,2 трлн теңгенің 2 трлн теңгесі кепілдік берілген трансферт болса, 2,2 трлн теңгесі – нысаналы трансферт.

Ұлттық қор қаражаты есебінен қыркүйек айында 500 млн АҚШ доллары сатылған. Бұл қаражат республикалық бюджетке трансферттер бөлуге және «Талдықорған – Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысына бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыз