Жаңалықтар

Заңсыз мұнай сатқан қазақстандық Дубайда ұсталды

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шетелге заңсыз мұнай сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мен Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, ол 2022–2023 жылдары Ақтөбе облысында коммерциялық ұйымның бас директоры болып жүріп, серіктестерімен бірге заңсыз мұнай саудасын ұйымдастырған. Залал көлемі 300 млн теңгеден асқан.

Қылмыстан кейін күдікті із жасырып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2024 жылы ол Дубайда ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша елге қайтарылды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

Айта кетейік, осы іс бойынша оның сыбайластарының бірі 2024 жылы сотталып, бас бостандығынан айырылған. Заңға сәйкес, бұл қылмысы үшін 3 жылдан 6 жылға дейін сотталып және мүлкін тәркілеу қарастырылған.

Бұған дейін «Самұрық-Энергодан» 8,5 млрд теңге ұрлаған күдікті елге қайтарылған болатын.