
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11–19 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP-250 санатындағы Almaty Open-2025 турнирін өткізіп алады. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Ұйымның мәліметінше, Бубликтің жарыстан шеттетілуіне Ханчжоудағы финалда алған жарақаты себеп болған. Жарақаттың салдарынан Пекиндегі және Шанхайдағы турнирлерде толыққанды өнер көрсете алмай, алғашқы айналымдарда ұтылып қалған еді.
Медициналық штаб Александрға жүктемені азайтып, жарақаттың нақты сипатын анықтау және қажетті оңалту шараларын жүргізу үшін шұғыл тексеруден өтуді ұсынды, – делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін біз Almaty Open-2025 жарысына қатысатын теннисшілер тізімін жариялаған болатынбыз.