Дариға Бадықова күйеуімен PR үшін ажырасты ма

Жарияланды 6 Қазан 2025 11:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дариға Бадықова күйеуімен PR үшін ажырасты ма? / фото: ашық дереккөз

Дархан Мұсаев актриса Дариға Бадықовамен ажырасу себептері туралы ашық айтты. Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында бөлісті.

Мұсаевтың айтуынша, ерлі-зайыптылар арасындағы дағдарыс актриса Олжас Абаймен бірлескен фильмнен кейін басталған.

«Фильмнен кейін Дариғаның мінез-құлқында өзгеріс байқадым. «Олжас жақсы адам, онымен жұмыс істеу пайдалы, пиар жағынан тиімді» дей беретін. Сол кезде-ақ бірнәрсе сездім», – деді Мұсаев.

Мұсаев сонымен қатар жұбайы түсірілім кезінде оның бармауын сұрағанын айтты:

«Кино алаңына барғым келгенде, «Олжас сені көріп қобалжиды, мен де ойнай алмай қалам» деді. Сол кезде бәрі анық болды».

Заңгер пікірі: жоспарланған PR болуы мүмкін

Заңгер Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл жағдай қоғамның назарын аудару үшін жасалған «ашық PR» болуы ықтимал. Мұндай тәсіл халықаралық тәжірибеде confessional PR деп аталады және адамның жеке эмоциялары мен мойындауларын ашық көрсету арқылы аудиторияда жанашырлық туғызуды мақсат етеді.

«Егер бұл қадам фильмге назар аударту немесе көрермен тарту үшін жасалса, онда бұл классикалық маркетингтік PR-тәсіл. Бұл заңды әрі жиі қолданылатын, бірақ эмоцияға әсер ететін манипуляциялық әдіс», – дейді Орынбеков.

Дариға Бадықованың жауабы

Актриса Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің сұхбатына жауап ретінде Instagram стористерінде бірнеше жазба жариялады. Онда Мусаевтың айыптауларын жоққа шығарып, оның мінез-құлқын сынға алған:

«Менімен бірге тұрып, мені көре алмайтын, қызғаныштан уланған адам еді. Енді бәрін халыққа айтып, өз бейнесін «құрбан» етіп көрсеткісі келеді. Бұл еркекке жарасатын іс емес», – деп жазды актриса.

Кейін тағы бір стористе:

«Өзі ештеңеге қол жеткізбеген, әйелінің тамағын ішіп, әке-шешесінің ақшасына күн көріп отырған адамдар қоғамға пайда әкелмей тұрып, басқаларды сынайды», — деп жазды.

Әріптестер мен қоғам реакциясы

Журналист Жанар Байсеміз актрисаны қолдап, оның әрекетін «әйелдің өзін қорғауы» деп бағалады:

«Бұрынғы әйелін жамандап, барша жұртқа шағымдану — еркекке тән қасиет емес. Әйелдер қауымы бір-бірін қолдасын», — деп жазды Байсеміз.

Әлеуметтік желілерде бұл жағдай қоғамды екіге бөлді: бір тарап Бадықованы жақтап, қолдау ретінде фильміне барып жатса, екінші тарап Мұсаевтың ашық әңгімесін «шындық айту» деп қабылдап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абай бірге түскен «Таптым-ау сені» фильмі қазақ кино тарихындағы ең табысты фильмдердің бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыз