Джеки Чан ойнайтын әйгілі «Құдай сауыты» фильмінің жалғасы Қазақстанда түсіріледі

Жарияланды 6 Қазан 2025 14:59

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Джеки Чан Қазақстанда фильм түсіреді / фото: Jackie Chan in Lung hing foo dai (1986)

Әйгілі актер, режиссер Джеки Чанның Алматыға жасаған көп талқыланған сапарының сыры ашылды. Белгілі болғандай, бұл келу «Құдай сауыты: Үкім» («Доспехи Бога: Ультиматум») атты культтік франшизаның жаңа түсірілімдерімен байланысты екен.

Аңызға айналған киноның төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілмек. Миллиондаған көрерменнің көңілінен шыққан «Құдай сауыты» сериясының жаңа фильмі еліміздің табиғаты мен мәдениетін халықаралық аренада кеңінен танытуға мүмкіндік бермек.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының соңында Джеки Чан Алматыға келіп, Salem Entertaiment өкілдерімен кездескен еді.

Сондай-ақ оқыңыз