Жаңалықтар

«Құлагер» хоккей командасының басшысы қамауға алынды

«Құлагер» хоккей командасының басшысы қамауға алынды / коллаж: kursiv.media

«Құлагер» хоккей командасының басшысы, бұған дейін алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған Сергей Филь Қарағанды қаласында полицейлердің қолына түсті. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы Астана тұрғыны екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген ресми хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің осы кезеңінде өзге деректер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда Нығматуллиннен «Сарыарқа» хоккей клубы қайтарылған еді.