
Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың тақырға отырғаны туралы іс қозғалды. Оның қарызы шамамен 58 млрд теңгеге жеткен. Оның кредиторларына арыздануға он күндей уақыт берді, деп хабарлайды Shishkin Like.
Қазақстанның тұңғыш президентінің туысының банк шоттары мен мүлкі бұғатталды. Оның компаниялардағы үлестері де құқық ауыртпалығы түсті. Бұған қоса, Нұрболдың өзіне шетелге шығуға тыйым салынды.
Енді Нұрбол Назарбаев бес жыл бойы несие туырлап, жеке кәсіпкерлік тіркей алмайды. Оның үстіне, ірі келісімдер мен табысы туралы хабарлап отыруы тиіс. Мүлкі қарызды өтеу үшін сатылуы мүмкін. Өзіне жалғыз баспана мен ең қажетті заттарын ғана қалдырады.
Осының алдында Қайтарылған активтер жөніндегі комитеті Нұрбол Назарбаевтың 57 млрд теңге активін мемлекетке өткізген. Ал депутат Ринат Зайыт прокуратурадан Назарбаевтың компаниялары мен мүліктеріне «инвентаризация» жасауды сұраған.
Нұрбол Назарбаевқа тиесілі компаниялар
Shishkin Like мәліметінше, қазір Назарбаевқа мына компаниялар тиесілі:
- Prime cap бас компаниясы (таратылып жатыр);
- Prime Capital Real – жылжымайтын мүлікті жалға беру, басқарумен айналысатын компания (оған Алматы облысында 22 нысан мен үш жер телімі тиесілі);
- Prime Capital Re Plaza – – жылжымайтын мүлікті жалға беру, басқарумен айналысатын компания (Алматыда екі жер тиесілі);
- Prime Capital Re Ushkonyr (Шамалғандағы жерлер);
- Prime Capital Re Alakol;
- Prime Capital Re Talgar (жер, арақ-шарап шығаратын зауыт);
- Prime Capital Re Karasay (Үшқоңырдағы жер. Ол Breeding company, QazAgro Centre және Steppe AgroMeat арқылы басқарылады. Басқа да жерлер);
- Қарасай ауданында үш қабатты «Бахар-А» салтанат сарайы;
- Prime Capital Invest – қаржы қызметтері;
- Qaz-Ak-Kus – Алматы облысы Іле ауданындағы құс фабрикасы;
- PLS-TM және «PLS инвестиция-құрылыс компаниясы» (АЗТМ атвозауытында үлесі бар).
Назарбаевтың рейдерлік шабуылдары
Нұрбол Назарбаевты бірнеше мәрте рейдерлік жасады деп айыптаған. Кәсіпкер Қуат Ермантаев 2019 жылы бірінші президенттің туыстары оған Porus компаниясындағы үлесін солардың атына жазып беруге мәжбүрлегенін айтқан.
Депутат Ермұрат Бапи «Каменский» зауытының бұрынғы жұмысшыларының 9 мың гектардан астам жерін басып алды деп мәлімдеген.
Заң шығарушылар «Алтын Орда» базары бойынша тергеу жүргізуді талап етіп отыр. 2021 жылы Нұрбол Назарбаев базарға иелік ететін компанияның құрылтайшысы болған.
Осының алдында Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта Бас прокуратураның қайтарылған активтер жөніндегі комитетінің Нұрбол Назарбаевқа қатысты шағымы қарала бастаған. Істе құпия материал болғандықтан, сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.