Отбасы банк жалдамалы тұрғын үйді үлестіре бастады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Отбасы банк арендалық тұрғын үйді беруге кірісті / Фото: kursiv.mediа

Қазан айында Отбасы банк жалдамалы тұрғын үйді үлестіру процесін бастайды. Енді кезекте тұрған азаматтар банк сайтында өз деректерін растауы қажет. Егер табыс туралы мәліметтер жаңартылмаса, бағдарламаға қатысушыға пәтер берілмей қалуы мүмкін.

Бұл тұрғын үй реформасы аясында жүзеге асуда. Реформаға сәйкес пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне байланысты үлестіріледі.

Үлестіруге қатысу үшін кезекте тұрған азаматтар orken.otbasybank.kz порталы арқылы жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.

Бұл орайда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға келісім беру және кезек мәртебесін тексеру жолдарын түсіндіретін толыққанды видео-нұсқаулық жариялады.

Егер қандай да бір қиындықтар туындаса, қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарынан немесе Отбасы банкінің бөлімшелерінен көмек ала алады.

Министрлік азаматтардың табысы туралы өзекті деректер ұсынылмаған жағдайда, жалдамалы тұрғын үй беру мүмкін еместігін ескертті.

Айта кетейік Отбасы банк пәтерді немесе үйді жөндеуге арналған несие ұсынып отыр. Бұл несие интерьерді жаңартып қана қоймай, болашақ баспанаға да ақша жинауға кедергі келтірмейді.

Сондай-ақ оқыңыз