Шымкентте автобус қаққан әйел қайтыс болды

Жарияланды
Жолды кесіп өтпек болған әйел автобус астына түсті / Фото: Shuttertsock

Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде жүргінші әйел 103 бағыттағы қоғамдық көліктің астына түсіп мерт болды. Қалалық полиция департаментінің алдын ала дерегі бойынша, марқұм белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

«Қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде» деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Қалалық полиция департаментінің дерегінше, биыл қазан айына дейін Шымкентте түрлі жол-көлік оқиғасынан 47 адам қайтыс болған. Ал өткен жылы 67 адамның өмірі қиылған.

Сондай-ақ оқыңыз